Құрманғазы Сағырбаев - Қазақстанның Ақын, Жазушылары - Қазақша рефераттар! - Рефераты на Казахском и на Русском, Дипломные, Курсовые - Бастама - Казахстанский информационный портал
Пятница, 19.12.2014, 04:27
Приветствую Вас Гость | RSS

Рефераты на Казахском и на Русском, Дипломные, Курсовые

Главная » Файлы » Қазақша рефераттар! » Қазақстанның Ақын, Жазушылары

Құрманғазы Сағырбаев
[ Скачать с сервера (42.5Kb) ] 04.03.2010, 16:06



Шок!!! Монах из Храма Шаолинь крушит всех и вся на ринге! Весь мир в восторге!
Шаолинь решили продемонстрировать всему миру, что китайское Кунг фу ещё и... в ринге!



Описание - Құрманғазы Сағырбаев:

Құрманғазы Сағырбаев
(1823 -1896)

      Ұлы күйші, композитор, халық арасына кең тараған "Балбырауын”,  "Сарыарқа”,  "Кішкентай”, "Көбік шашқан”,"Серпер”,"Алатау” және тағы басқа күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбаев қазақтың аспаптық музыкасының басты бір саласының негізін қалаушысы. Басқа да халық мәдениеті саласының көрнекті өкілдері сияқты, Құрманғазының шығармашылығы да, өмірі де сол өзі өмір сүрген заманның тарихи –көркемдік шежіресі болды.

     Құрманғазы тек қана қазақ аспаптық музыкасының батыс қазақстандық дәстүрінің негізін қалаушысы ғана емес, сонымен қатар оның Дина, Мәмен, Көкбала, Ерғали Есжанов және басқа көптеген дарынды күйшілердің шығармашылық жолдарының қалыптасуына тигізген ықпалы да мол болды.

     Құрманғазы Сағырбаев 1823 жылы Бөкей Ордасының Жиделі ауылында кедей – шаруа отбасында дүниеге келді. Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Оның әкесі Сағырбайға баласының музыкаға деген қабілеті оншалық әсер етпейді. Бірақ шешесі Алқа Құрманғазының бұл талабына Сағырбайдан гөрі өзгеше көңіл қояды. Жасы оннан асқанда Шағбаланың ауылына әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас Құрманғазының домбырада күй тартуын ұнатқан Ұзақ қарт, оған домбыра тарту өнерінен біршама сабақ береді. Бұл кездесу Құрманғазы үшін өмір жолын анықтаудағы маңызы зор оқиға болады. Ол он алты жасынан бастап туған аулынан кетіп, күй тартып, ел аралай бастайды. Үнемі ат үстінде жүріп, әйгілі күйшілермен кездесіп, өз өнерін одан әрі жетілдіре түседі. Осындай күндердің бірінде Құрманғазы өзіне бата берген Ұзақ қартпен тағы кездеседі. Онымен бірге ауылдарды аралап, көптеген күй тартыстарға қатыса жүріп, елге атағы шығады. Бұл уақытта оның орындаушылық қорында Соқыр Есжан, Жаппас, Байжұма және басқа да белгілі күйшілердің шығармалары болғанын көреміз.

      1836 - 1837 жылдардағы Махамбет пен Исатай бастаған халық көтерілісі Бөкей Ордасын, оның ішінде Құрманғазы шыққан Қызылқұрт руын дүр сілкіндірді. Құрманғазы бұл көтеріліске тікелей қатыспаса да, көтерілістен кейін сол көтерілістің басшысы батыр Исатайға арнап «Кішкентай» күйін шығарады. Бұл шығарма туралы академик Ахмет Жұбанов өзінің «Ғасырлар пернесі» кітабында былай деп жазды: «Аспай – саспай, жұмсақ қағыспен, баяулап қана, тек домбыраның үстіңгі шегінде басталатын жалғыз дауысты "кіріспе” – іште жатқан шер; терең қиял теңізінің толқуын бергендей...Одан кейінгі буындарында баяу толқу, қобалжу кезеңдерімен кезектесе белсенді күрестің, драманың элементтері көрінеді. Домбыраның сағасына қарай жылжығанда екпіні бұрынғыдан недәуір шапшаңдап, қағыстар қатайып, күйде шын мәнісінде тынышсыздық, талас – тартыс айқас суреттері алдыңа келеді. Домбырашы бұл арада Құрманғазы дәстүрінің орындаушылық түйінін пайдаланып оң қолдың шынтағын көтеріп қойып, домбыраны біраз дүрліктіріп алады. Күйдің аяғында музыка кейпі өзгереді. Бастағы шер, терең ой, қиялға қайта оралады.»

      Күйші творчествосының табысты шығармасы, оның өнерінің өрлеу кезеңінде шығарылған "Балбырауын” күйі болып табылады. "Балбырауын” халықтың сүйіп орындайтын, елге кең таралған күйлерінің бірі. Бұл ырғақты, биге икемді келетін күй ауыл жастарының ойындарына, билеріне арналған сияқты, күйдің негізінде үш тактіден тұратын қысқаша кіріспе мен біршама созылмалы тақырып жатыр. Ол анық сезілетін төрт әлементтерден тұрады. Күй көлемі ұлғайып, әуен жоғары өрлейді.

      Шарықтау шегіне жеткеннен кейін, әуен ырғағы бәсеңдеп, бұрынғы қалпына оралады.

      Ғалым А. Жұбанов жазғандай, Құрманғазы Адайдың бір қызымен күй тартысып, сондағы Адай қызына шығарған күйі "Адай” күйі екен дейді. Күйші – рудың өр көкіректігін негіз етіп алып, патшаның да, хандардың да қаһарына қарсы тұрған халықтың сарқылмас күшін суреттеген сияқты.

      XIX ғасырдың елуінші жылдарында Құрманғазыға "ат ұрладың” деген жалған айып тағылып, түрмеге қамалады. Түрмеде жатқанда шешесін сағынып, оның көңіл – күйін ойлап, анасына "Аман бол, шешем, Аман бол”, "Қайран шешем” күйлерін арнайды. Құрманғазы бұл жерден қашып шығады. Осы кезеңде оның мұнды лирикаға толы "Кісен ашқан”, "Түрмеден қашқан” тағы да басқа күйлері туады.

        "Сарыарқа” – Құрманғазының шығармашылық шыңы, әйгілі шығармасы. Жігерге, өмірдің алуан құбылыстарын сезінуге толы бұл күй басынан аяғына дейін бірқалыпты көңіл – күйде орындалады, мұндағы жаңалық күй құрылымына екінші саға енгізілген. Күйдің бас буыны бес тақтылы кіріспе мен күйдің негізгі тақырыбынан тұрады. Орта буынға қарай жылжу, бірінші саға, ал сосын екінші сағаға өту біртіндеп кезекпен ауысады. Осыдан кейінгі күйдің жетілуі жаңа жігермен жалғасады да өзінің шарықтау шегіне жетеді.

       Өмірінің соңғы жылдарын композитор Каспий жағалауына жақын жолдастары мен шәкірттерінің арасында өткізеді.

       "Серпер” –  қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін баса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы қалпына келе беретін, болаттай берік халықтың қайыспас еркіне, ерлігіне арналған шығарма.

      "Серпер” күйіндегі мәнерлі секундалық, интервалдық қозғалысты жалпы Құрманғазыға тән стильдік ерекшелік екенін атап өтуге болады.

       Құрманғазы мұрасындағы оның шығармашылық шыңдарының бірі болып саналатын "Алатау” күйін ерекше бөліп атау керек. Әрі ұлы, әрі асқақ асқар таудың көркемдік бейнесі суреткер санасында мәңгілік пен өмірдің мәні туралы, адам тағдырының құбылмалығы - өрлеуі мен құлдырауы туралы толғаныстар тудырған.

      "Машина” күйі Құрманғазының зерек алғырлығын, дарындылығын ашатын күйлердің бірі. Алғаш рет қазақтың кең даласынан Омбыға келіп, тар көшелердегі ығы – жығы адамдарды, көліктердің қозғалысын, жалпы үлкен қаланың өмірін көрген сазгер, алған әсерін өз шығармасында бейнеледі.

       Ұлы күйшінің күй мұрасын зерттеушілер композитор күйлерінің жанрлық әр алуандығын және бейнелік көркемдігін ерекше атап көрсетеді. Бұл дәстүрлі Ақжелең жанрына жататын "Ұзақ Ақжелең”, "Бас Ақжелең”, "Айда бұлбұл”, "Айжан-ай” және "Лауышкен”, "Адай” сияқты көптеген суреттеме күйлерінің шығарылуынан көрінеді. Әсіресе оның шабытпен орындалатын күйлері –"Балбырауын”, "Серпер”, "Теріс қақпай”, "Сарыарқа” және басқа күйлері ел арасында кеңінен таралған.  Лирикалық мазмұнға толы, өмірбаяны жайлы баяндайтын өмірінің қиын кезеңдеріне арналып шығарылған "Кішкентай”, "Аман бол, шешем, аман бол”, "Кісен ашқан”, "Түрмеден қашқан”, "Қайран шешем” күйлері де жоғары көркемділігімен ерекшеленеді.

        Күйші шын мәнінде, Батыс Қазақстандық аспапты музыка өнерінің негізін қалаушысы болып саналады. Оның творчествасында төкпе күйлердің стилистикалық ерекшеліктері қалыптасты. Атап айтқанда, күй құрылымына екінші сағаның енгізілуі, ал ырғақ жағына келсек – айқын екпінділік, дыбыс қайталауларының жиі қолданылуы, үлкен дыбыс көлемі, қос дауыстық, тағы басқа ерекшелікткрі молынан қолданылған.

       Қазіргі кезде Құрманғазы күйлерінің барлығы дерлік нотаға түсірілген. Оның күйлері атақты орындаушылардың репертуарында басты орын алады. Сонымен қатар, композитордың күйлері Құрманғазы атындағы мемлекеттін, академиялық халық аспаптар оркестрінің орындауында кеңінен танымал.

     Ұлы күйші, әділдік үшін күрескер сазгердің көркем бейнесі А. Жұбанов пен Ғ. Жұбанованың "Құрманғазы” операсында суреттелген, оның күйлері қазіргі кезеңдегі қазақ композиторларының симфониялық шығармаларына негіз болды. Бұған Е. Брусиловскийдің алтыншы симфониясын мысалға алуға болады.

 

      Пайдаланылған әдебиеттер:  Т. Жұмалиева, Д. Ахметбекова, Б. Ысқақов, Ә. Қарамендина, З. Қоспақов  «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы»  322б. – 341б. 




Скачать с сервера (42.5Kb)
Категория: Қазақстанның Ақын, Жазушылары | Добавил: AgesSa93
Просмотров: 2470 | Загрузок: 93 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Меню сайта
Добавить на сайт
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Чудеса вокруг